Қазақ тілі қоғамының төрағасы мемлекет басшысымен кездесті

Қазақ тілі қоғамының төрағасы мемлекет басшысымен кездесті
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысы ретінде Президенттің қабылдауында болдым. Қасым-Жомарт Кемелұлына «Қазақ тілі» қоғамының қазіргі жағдайы және жоспарлары жайлы баяндадым.
Тілді тиісті биігіне шығару үшін бізге нақты шаруа, сала-сала бойынша нәтиже беретін тұрақты жобалар қажеттігін айттым.
Президентті «Қазақ тілі» қоғамы аясында дайындалған осы бағыттағы ұсыныстармен танысып, қолдау білдірді, өз ойларын айтты.
Жалпы тілдік ахуал, тілдің дамуына қатысты көп мәселелер сөз болды. Президент тіл жанашыры қырынан танылды. Балалардың тілі қазақша шықпай, шықса да дұрыс шықпай жатқандығын, қазаққа тән төл дыбыстау жүйесі, тіл тазалығы бұзылып жатқандығын мысал келтіре отырып алға тартты. Латынға көшерде мұны да ескеру қажеттігін айтып, латынға көшуге қатысты пікірімді сұрады. Кейбір дыбысқа таңба таңдауға қатысты өз ойын айтты. Қалам алып, латын әріптермен біраз сөз жазып көрсетті. Қысқасы, Президент тіл мәселесіне терең бойлаған, қазақ тілінің өркен жайып, кең қолданыс табуына шын ықыласты тіл жанашыры.