
Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығы халықаралық қазақ тілі қоғамының бастауыш ұйымымен бірлесе отырып,«Қазтрансгаз аймақ» АҚ мекемесіне барып, «Қазақ тілі – ұлттар бірлігінің ұйытқысы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар барысында мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде рөлін қалай күшейтуге болатыны жайлы және тіл үйренушілерге қажетті бағдарламалар мен курстар туралы баяндама оқыды.