Пожарский көшесі қайта аталды

Пожарский көшесі қайта аталды

Ақтөбе қаласының Астана ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Пожарский көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері, гвардия капитаны Өтеген Тұрмағамбетов есімімен қайта аталды (Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен 2023 жылғы 9 маусымдағы №154 қаулысы және облыстық мәслихаттың №32 шешімі бойынша).

📍 Өтеген Тұрмағамбетов (1918-1998) – Ұлы Отан соғысы жылдары Сталинград шайқасынан бастап, Курск доғасындағы ұрысқа қатысып, Белоруссия, Польша жерлерін азат етуге қатысқан, соғыстың соңғы нүктесін гитлершілердің ұясы — Рейхстаг түбінде қойып, оның қабырғасына қолтаңбасын қалдырған жауынгеріміз. Екі рет «Қызыл Жұлдыз», 2 рет 1-ші, 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» және офицерлерге ерекше ерлігі үшін берілетін «Александр Невский» ордендерімен, бірнеше медальдармен, 8 рет Бас Қолбасшының арнайы алғыс хатымен марапатталған.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған Ө.Тұрмағамбетов туралы деректер мол деуге келмейді. Алайда жерлес батырымыздың қала көшесіне есімі беріліп, еленіп жатқаны ұрпағы үшін төгілген тері мен ерен еңбегінің еленуіне тағы бір қадам болды