Үлкен қала үлкен жұмыстарды қажет етеді. Қаламызда небір демалыс орындары мен жеке мекемелер бой көтерген сайын біздің басқарманың мониторинг жұмыстары да күшеюде. Осы орайда, басқарма мамандары Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерімен, бөлім жанынан құрылған монинторингтік топ мүшелерімен бірлесіп қаламыздың кәсіпкерлік нысандарына көрнекі ақпарат пен жарнаманың ҚР Тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестендірілуі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарынан кейінгі мекеме сертификаттары мен көрнекі ақпараттары назарға алынып отырды. Сонымен қатар басқарма қызметкерлері әкімшілік тарапымен жеке сөйлесіп, ескертпелер жасады. Мекеме дәліздерін аралап, әлі де дұрыстауды қажет ететін тұстарды атап көрсетті. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Saya_butik кәсіпкерлік нысанында орын алған кемшіліктер түзетілді.