Ақтөбе қаласының Астана ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Ленин көшесі жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев есімімен қайта аталды

Ақтөбе қаласының Астана ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Ленин көшесі жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев есімімен қайта аталды
Ленин көшесі қайта аталды
Ақтөбе қаласының Астана ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Ленин көшесі жауынгер жазушы Баубек Бұлқышев есімімен қайта аталды (Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен 2023 жылғы 9 маусымдағы №154 қаулысы және облыстық мәслихаттың №32 шешімі бойынша).
📍 Баубек Бұлқышев (1916-1944) – Ұлы Отан соғысында ел-жері үшін жаумен шайқасқан ерлеріміздің бірі, тағылымды өнеге көрсете білген талант иесі. Сұрапыл соғыс жылдарында жазушылық қабілетімен қатар ақындық қарымы мен журналистік қырын көрсетіп, түрлі мақалалалары мен очерктерін, публицистикалық еңбектерін дүниеге әкелді.
Батыр ерлерін әрқашан мақтан тұтатын еліміз үшін бұл шешім - тек ақтөбеліктерге емес, барша қазақстандықтарға ортақ жағымды жаңалық.