Новокооперативная көшесі қайта аталды

Новокооперативная көшесі қайта аталды
Новокооперативная көшесі қайта аталды
Ақтөбе қаласының Астана ауданында орналасқан идеологиялық тұрғыдан ескірген Новокооперативная көшесіне филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рәбиға Сыздық атауы берілді (Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен 2023 жылғы 9 маусымдағы №154 қаулысы және облыстық мәслихаттың №32 шешімі бойынша).
📍 Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық (1924-2020) – Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген талантты қазақ ғалымы. Қазақ тіл білімі мен әдебиетінің түрлі салаларын зерттеп, осы екі саланы тұтастықта зерделеген. Ұлтымыздың мақтанышы болған Абай Құнанбайұлы шығармаларының тілін зерттеген еңбегі де бар. 20-дан астам кітап пен кітапшаның және 100-ден аса мақаланың авторы.
Ғалымның есімі мен шығармашылығының насихатталуы өз жалғасын табуына тілектеспіз!