
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Тіл айлығы басталды. Тіл айлығының алғашқы шарасы Ақтөбе обылысының полиция департаментінде ұйымдастырылды. Басқарманың бас маманы М.Мырза «Сөйлесу клубы - мемлекеттік тілді меңгерудің платформасы» атты семинар тренингін жүргізді.
Шара барысында облыстағы тілдік ахуал, полиция департаментіндегі шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі туралы сөз болып, мемлекеттік тілдегі дағдыларды жетілдіру бойынша лингвистикалық тренингтер ұйымдастырылды.