
Бүгін Астана қаласында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Адами капиталдың дамуы-ел экономикасының өсуінің негізі» атты білім форумы өтіп жатыр. Аталмыш форум аясында «Тіл саясатының өзекті мәселелері» тақырыбында ұйымдастырылып жатқан секциялық отырысқа қатысудамын. Жиын барысында өңірлердегі тіл саясаты мәселелері, мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейту бойынша пікір алмасу үстіндеміз.