ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері туралы айтты.

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері туралы айтты.
ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері туралы айтты.​Агенттік төрағасының айтуынша, үшінші іріктеудің ерекшелігі мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып, мақсатты іріктеу жүргізу болмақ.
 
Осылайша, кезекті іріктеу 6 негізгі сала бойынша жүзеге асырылады:
• Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• Сыртқы саясат және инвестициялар;
• Экономикалық және қаржылық саясат;
• Цифрландыру;
• Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
 
Сондай-ақ биыл үміткерлермен әңгімелесуді міндетті түрде салалық орталық органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу тәжірибесі енгізілуде.
Талаптарға сәйкес, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс.