
Басқарма қызметкерлері Ақтөбе қаласында орналасқан "Fix price" сауда орнына барып, жарнама мәтіндерін мемлекеттік тілде орналастыру бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында дүкен сөрелерінде аудармалары қате жазылған көрнекі ақпарат мәтіндерін сауатты жазу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.