
Мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерінің түсінікті, мазмұнды болуын, стильдік, орфографиялық тұрғыда сауатты жазылуын қадағалау мақсатында "Бізбен бірге" қоғамдық қорының өкілдері өз жұмыстарын Байғанин ауданында жалғастырды. Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.