
Бүгін "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасында "Ұлттық ономастика ел айнасы" тележобасы аясында "Азат елдің ономастикасы мемлекетіміздің рухани қазынасы" атты ток-шоу болып өтті. Бағдарлама барысында облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының мүшелерімен бірге қазіргі таңда елді мекендерге, көшелерге, даңғылдарға, нысандарға атау беру, қайта атау бойынша өзекті мәселелер қозғалып, ой-пікірлерін ортаға салды.