
Басқарма мамандары Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп қаладағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпарат пен жарнаманың "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңының талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.