
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында басталған «Қазтест» бүгін де М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде жалғасын тапты. Диагностикалық тестке облыс аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының, шекара қызметкерлерінің, әділет, қазынашылық, статистика департаменттерінің және өзге де мемлекеттік қызметшілер қатысты.