
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Ұлттық тестілеу орталығының ұымдастыруымен Ақтөбе қаласында бүгіннен бастап «Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тесті басталды. Т.Бигелдинов атындағы ӘҚК Әскери институтында басталған тест жұмыстары ары қарай М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде жалғастырылуда. Диагностикалық тестке облыс аумағындағы барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері қатысып жатыр.