
Ағымдағы жылдың 31 наурызында Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Министрлігі, Тіл саясаты комитеті және Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырған "Тіл – татулық тірегі" республикалық дөңгелек үстелінің отырысы өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы М.Мырза қатысты.
"Дөңгелек үстел" отырысының мақсаты-Қазақстан Республикасы Президентінің" әділ Қазақстан: бәріміз үшін және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрқашан " сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, бір мезгілде тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген нысандарына табанды түрде қарсы тұру және олардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру.