Бүгін «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғимаратында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы мен «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында сондай-ақ, «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында Отансүйгіштік, патриоттық, азаматтық сезімдерді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тіл ретіндегі қызметін нығайту.
Қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынады. Өздерін таныстырып болған соң, сұрақ-жауап кезеңіне өткен үміткерлер соңғы кезеңде өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдеге Хаджиева Милана Сұлтановна ие болса, І орынды Ескелдьина Диана Витальевна иеленді. Байқаудың ІІ-орын иегері болып Трегуб Анюта Сергеевна атанса, ІІІ-орынмен Воронянская Татьяна Сергеевна мен Виталина Любовь Витальевна марапатталды.
Қазақ тілін еркін меңгерген Елена Ефремова белсенді өнер көрсетіп, Тіл басқармасының арнайы жүлдесіне ие болды.