
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы облыста жыл сайын ұйымдастырылатын "Қазтест" қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау тестінің диагностикалық және сертификаттық сынағын 2023 жылы тапсыратындар үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Тестті облыстағы ересек тұлғалар мен қоғамның әр түрлі саласындағы қызметкерлер тапсыра алады. Толығырақ ақпаратты 55-11-30 телефон нөмірі арқылы білуге болады.