Бүгін «Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының 2022 жыл қорытындысы бойына есеп беру шарасы өтті.

Бүгін «Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының 2022 жыл қорытындысы бойына есеп беру шарасы өтті.
Бүгін «Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының 2022 жыл қорытындысы бойына есеп беру шарасы өтті. Жиынға Тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а. М.Жанасова, Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының алқа мүшелері мен аудандық филиал төрағалары, өзге де мүдделі мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, тiл жанашырлары, сондай-ақ, «СНПС- АқтөбеМұнайГаз»АҚ, ҚазТрансГазАймақ және өңірдегі ЖОО-да ашылған қоғамның бастауыш ұйымдарының төрағалары қатысты.
Шара барысында қоғам жанынан ашылған бастауыш ұйымдар, олардың атқарған жұмыстары туралы, сонымен қатар облыстық филиалдың жүргізген ақпараттық-түсіндіру шаралары мен қаладағы кәсіпкерлік ұйымдарына Тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары туралы есеп берілді. 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, сараланды. Ағымдағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Жиында сөз алған М.Жанасова өңірдегі тілдік ахуал бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, шара барысындағы ұсыныс-пікірлер сараланды.