2023 жылғы 25 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан БАҚ өкілдеріне арналған форум ұйымдастырылып, шара барысында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері тарапынан лексикалық қорды ұлғайтуға арналған «Sozdikqor.kz» платформасы, қазақ тілін деңгейлі оқытуға арналған Tilqural.kz веб-сервисі, «Абай институты», «Emle.kz» пен «Termincom.kz» сайттары жан-жақты таныстырылды. Сондай-ақ қазақ тілін үйретудегі ІТ жобалардың маңызы туралы сөз болды.