
Бүгін облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Күн тәртібінде Ойыл, Хромтау аудандарынан құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атау бойынша түскен ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрамдас бөліктерге атау беру, қайта атауда жүргізілген жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.