
Облыста Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына ақпараттық-түсіндіру бағытында аудару жұмыстары жүргізілуде.
Тілдерді оқыту курстарына қатысушылар үшін жаңа әліпбидің жетілдірілген жобасы және емле ережелерін түсіндіру ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстың ересек тұрғындары, түрлі сала өкілдері үшін жаңа әліпби мен емле ережелерінің жетілдірілген жобасы бойынша ақпараттандыру бағытында "қазақ тілі латын графикасымен: оқу, жазу" тақырыбында ақпараттық сағаттар, әңгімелер өткізілді. Іс-шара барысында тыңдаушылар бейне блоктармен, басқа материалдармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ағымдағы жылы "латын графикасындағы қазақ тілі: жазу мәселелері"атты республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік желідегі қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру, қазақ әліпбиін жылдам игеру үшін жағдай жасау мақсатында желі пайдаланушылары "LatynTime" жобасын іске асырды, оның шеңберінде әлеуметтік желі пайдаланушыларына 15 караоке-ән ұсынылды.