«Күншуақ» танымдық журналы 2014 жылдан бастап шығарылып келеді.

«Күншуақ» танымдық журналы 2014 жылдан бастап шығарылып келеді.

 Журнал 2 айда 1 рет шығады. Осы күнге дейін 106 000 таралыммен 53 нөмірі жарық көрді. Баланың ақыл-ойы мен есін дамыту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын арттырып, ой-өрісін дамытатын танымдық журнал «Біз осындаймыз», «Біздің мақтанышымыз», «Жеті жұрттың тілін біл», «Тілашар», «Әдебиет бұрышы», «Білгенге маржан», «Қандай көркем-туған өлкем», «Біздің өнерлі достарымыз», «Техника ғажайыптары», «Қауіпсіздік ережелері» тағы сол сынды айдарларды қамтиды. Ақтөбе аумағындағы балабақшалар мен мектептерге тегін таратылады.