ЗАҢҒА СӘЙКЕС ҚОЛДАНУ КЕРЕК

ЗАҢҒА СӘЙКЕС ҚОЛДАНУ КЕРЕК

Өңірдегі тұрғындардың басым көпшілігі мемлекеттік тілде сөйлейді. Бұл дегеніміз тұтынушылардың дені қазақ тілінде ақпарат алуы мүмкін. Бірақ бұл талапты кәсіпкерлік нысандар түгілі алдыңғы қатарлы республикалық маңызы бар мекемелер орындай алмайды. Себебі заңға немқұрайлы қарау болып отыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгенмен кейбір нысандар да өзгерістер жартылай жасалған. Әсіресе түбіртек қағаздары әлі де болса бір тілде ғана беріледі. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын "Халықаралық Қазақ тілі қоғамының" облыстық филиал төрағасы Р.Рахиев және басқарма басшысы М.Ысқақов "Қазпошта" АҚ-ның облыстық мекемесінде, кәсіптік нысандарда жүргізіп, кемшіліктер бойынша ескертулер жасады.