Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Тіл — халық қазынасы" конференциясын ұйымдастырды.

Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Тіл — халық қазынасы" конференциясын  ұйымдастырды.

Іс-шара Құдайберген Жұбанов атындағы АӨМУ "Мәңгілік ел" залында өтті. Оған тілтанушы ғалымдар мен қазақ тілінің дамуына үлес қосқан белсенділер қатысты.
Әңгіме барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері Арлен Сейтбатқал мен Талғат Рамазанов, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының атқарушы директоры Лариса Алдабергенова, қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушысы Сабыржан Мұхтаров және тілдерді оқыту орталығының тыңдаушысы Олеся Матяш сөз сөйледі.
Іс-шара марапаттаумен аяқталды. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы ерен еңбегі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталары Шығанақ Берсиев атындағы ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Әсел Әйтековаға, облыс әкімі аппаратының қызметкері Ақмарал Жансейітоваға және "Asar" жарнама агенттігінің директоры Жасұлан Бекмағанбетовке табыс етілді. Он адам облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың алғыс хатымен марапатталды.