
Өңіріміздегі тілдер күніне арналған іс-шаралар "Ұлылар ұлағаты - ұрпаққа аманат" акциясымен жалғасты. Қоғам белсенділері,тіл жанашырлары және Ш.Берсиев атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттері қатысқан акция аясында 40-тан астам қоғамдық көлікке Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаларымыздың ұлт,отан, еңбек, тіл туралы тәрбиелік мәні бар қанатты сөздері ілінді.