БАЙҚАУ‼️

БАЙҚАУ‼️

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай облыстық тілдерді дамыту басқармасының тарапынан өзге ұлт өкілдерінің арасында
«Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім» облыстық байқауы ұйымдастырылады.

I. Жалпы ережелер
1. Байқаудың уақыты: 2022 жылғы 5-15 қыркүйек аралығы
2. Байқаудың форматы: онлайн формат
3. Байқауға өз қалауы бойынша 18-35 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.
4. Қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат жіберуі керек (аты-жөні, ұлты, жасы, оқу немесе жұмыс орны, байланыс деректері)

II. Байқаудың кезеңдері
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы эссе жазу (150-200 сөз).
2. Абайдың кез келген бір өлеңін оқып, бейнематериал жолдау. Видео ұзақтығы 1-1.5 минут болуы қажет.
• Материалдар 15 қыркүйек сағат 12.00-ге дейін aktobe_tilder@mail.ru почтасына немесе +77752971008 нөміріне (whatsapp, telegram) қабылданады. Берілген уақыттан кеш жолданған материалдар қабылданбайды.

IІІ. Байқауды қорытындылау
Байқау қорытындысын қазылар алқасы анықтайтын болады. Олар үміткерлердің тіл тазалығы, ойының ұшқырлығы және өз ойын еркін жеткізе алу деңгейін бағалайды.
Байқаудың қорытындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орындар анықталады. Жеңімпаздар арнайы үлгідегі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.