
Сәрсенбіде облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызының төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы екінші отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібінде Әйтеке би, Мәртөк, Мұғалжар,Ойыл, Шалқар, Хромтау, Ырғыз аудандарынан идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанған көше атауларын қайта атау бойынша келіп түскен 36 ұсыныс қаралды. Сонымен қатар, Мұғалжар ауданының ономастика бағытында атқарылған жұмыстары тыңдалып, елді мекендерге атау беруге қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.