
Облыс әкімінің қолдауымен "Балалар жылы" аясында Ресей мемлекетінің 8 облысынан келген 31 бүлдіршінге арналған "Ана тілі әлемі" атты халықаралық лагерьдің жұмысы қорытындыланды. Республика көлемінде ең алғаш ұйымдастырылған жобаның маңыздылығы ерекше. Себебі балалар тарихи отанында қазақ тілін және ұлттық музыка мен салт-дәстүр бойынша сабақтарға қатысып білім алды. Өңірдің тарихи жерлерін аралады.
Халықаралық лагерьдің жұмысын келер жылы ауқымды түрде өткізу мақсатында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілдігінің төрайымы С.Таикешова, облыстық білім басқармасының басшысы Ж.Батырхан және облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Ысқақов үшжақты меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес келер жылы лагерьді 120 балаға көбейту және ата-аналарының қатысуын қамтамасыз ету көзделген.