
Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының тарапынан этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер арқылы этнос өкілдері мемлекеттік және кәріс, украин, татар-башқұрт тілдерін оқытуға қолдау көрсетілуде.
Қазіргі таңда «Шатлык» Ақтөбе облыстық татар және башқұрт этномәждени бірлестігі, «Оксана» украиндердің Ақтөбе облысы ұлттық мәдени орталығы, "Ақтөбе облысы кәрістер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі өкілдері әдістемелік көмекпен қамтылып, мемлекеттік және ана тілдерін оқыту жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді.