Басқарма басшысы М. Ысқақов "Jusan Bank" , "Нұрбанк" және "Қазахтелеком" сынды қызмет көрсету нысандарында болды.

Басқарма басшысы М. Ысқақов "Jusan Bank" , "Нұрбанк" және "Қазахтелеком" сынды қызмет көрсету нысандарында болды.

Басқарма басшысы М. Ысқақов "Jusan Bank" , "Нұрбанк" және "Қазахтелеком" сынды қызмет көрсету нысандарында болды. "Jusan Bank" АҚ-ның Ақтөбе облысындағы филиалдары көрсетілген кемшіліктерді 3 тәулік ішінде түзеген. Дегенмен, мемлекеттік тілде берілетін түбіртекте кемшіліктер анықталып, түзету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, "Нұрбанк" банкоматтары мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейді . "Қазахтелеком" ғимаратында ішкі жарнамалардың дені қазақ тілінде емес. Кемшіліктерді жою бойынша басқарма басшысы ескерту жасады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұрбанк" АҚ басшылығына қызметтік хат жолданды. Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ-ның Ақтөбе облыстық филиалы көрнекі ақпарат құралдарын заң талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізуде.