
Қазақ тілінің латын графикасына көшіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен Ұлттық Жоспары аясында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл ғылымы институтының әлеуметтік сектор меңгерушісі, ғылыми қызметкер Баймырза Айнұр Аманғалиқызымен "Қазақ тілі-латын графикалық әліпбиі негізінде" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш кездесуге тіл саласының мамандары, мұғалімдер мен белсенді жастар қатысты. Кездесуде латын әліпбиіне қатысты өзгерістер мен тіл саясатына байланысты заңнамаларға жасалған ұсыныстар туралы талқыланды.