Құрметті Тіл басқармасының ардагерлері, Гүлайым Тельманқызы, Алмат Шамұлы, Жанғабыл Жұмабайұлы, Гүлшара Нәбиқызы, Ұлболсын Жүзжасарқызы!
Сіздерді атаулы мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Әрқайсыңыздың өңірдегі тіл саясатының дамуына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Өздеріңізден кейінгі талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Еңбектеріңіздің зейнетін көретін мерейлі шақтарыңыздың мағыналы болуына тілектеспіз! Қажыр-қайраттарыңыз артып, шаңырақтарыңыз береке мен бірлікке, ырыс пен ынтымаққа тола берсін!