
Басқарма басшысы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Физика-математика факультетінің студенттерімен кездесті. «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылған шараға қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері де қатысты. Тіл саясатына арналған кездесуде қоғамдағы өзекті деген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, сонымен бірге өңірдегі тіл саясатына тоқталып өтті. Қатысушы жастардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Алдағы уақытта кей ұсыныстарды жастарды тарта отырып жүзеге асыратын боламыз.