
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«HALYQTYÑ MÄÑGI ĞŪMYRY - TILINDE» шарасы барысында «Мен қазақша сөйлеймін-2021» республикалық акциясының Бас жүлде иегері Александр Борисов марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Борисов ҚР Білім және Ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Мен қазақша сөйлеймін-2021» республикалық акциясының құқық қорғау саласы қызметкерлері арасындағы кезеңінде жеңіске жетіп, еліміздің 17 аймағынан қатысқан үміткерлердің ішінен Бас жүлдеге ие болды.
Александр қазіргі таңда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің арнайы жасағының аға инспекторы, полиция капитаны болып қызмет атқаруда.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Б.Елеусінова Александрға мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, дамуына үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіріп, М.Әуезовтің «Абай жолы» романын табыстады.