
Бүгін, «HALYQTYÑ MÄÑGI ĞŪMYRY - TILINDE» атты өңірдің тіл саласындағы белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Б. Елеусінова төрағалық етті. “Мемлекет басшысы қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналу мақсатында қазақ тілінің мәртебесін өсіру үнемі бірінші кезекті басымдықтарға жататынын атап өтті. Бүгінде маңызды тақырыптың бірі – жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес ресімделмеуі болып отыр. Биыл облыс көлемінде 497 рейд жұмысы жүргізіліп, 5349 жарнама мәтіні сараланды. Оның ішінде 3639 көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндері дұрысталды. Соңғы 3 жылда облыста 241 атау берілді, оның ішінде идиологиялық тұрғыдан ескірген 148 көше қазақ зиялыларының есімдерімен қайта аталды. Қоғам белсенділері мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ісіндегі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерді айтып келеді. Бүгінгі басқосудың да тілдік даму ісінде кездесетін кедергілерді талқылау арқылы, қазақ тілінің қоғамдық өмірдің барлық салаларында енгізілуіне өзіндік ықпалын тигізеді деген сенімдемін.“ деп Бұлбұл Ораққызы кездесудің маңыздылығын атап өтті.Шара барысында облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік тілді дәріптеп жүрген қоғам белсенділерін, түрлі сала қызметкерлерін марапаттады.