
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Мен қазақша сөйлеймін-2021» республикалық акциясының 3-ші кезеңіне белсене қатысты. Жеңімпаздарды арнайы құрылған қазылар алқасы және Instagram әлеуметтік желісінде бағалау арқылы анықтады. Жерлестеріміз Қ. Аманжолов, М. Мақатаев сынды белгілі ақындарымыз бен қатар жергілікті ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Нәтижесінде облысымыздан 3 қатысушы үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Кочеткова Галина Владимировна – 1 орын, Кефер Ольга Николаевна – 2 орын алса, «Үздік 10» номинациясында Трегуб Анюта Сергеевна марапатталды. Байқауға қатысқан жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!