
«Тілдерді оқыту орталығы» КММ ересек тұрғындарына тілдерді оқытуды жүзеге асырады.
Негізгі міндеті – мемлекеттік және басқа да тілдерді үйрету, оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оқу құралдарын шығару.
Ұлттық стандартқа сәйкес мемлекеттік тілді оқыту
5 деңгей (А1-С1), ағылшын тілі 3 деңгей (А1-В1) бойынша тегін курстар ұйымдастырылады. Курс аяқталған соң тіл үйренушілердің білімі «Қазтест» жүйесі бойынша бағаланып, сертификаттар табысталады.
Тілдерді оқыту орталығының мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 20 «А», №102 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7132) 41-69-34