
Тіл мәселесі бір мекемеге немесе белгілі бір азаматтарға ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды. Ауыл, кент, қала берді қаламыздың көркіне сән беретін көрнекі ақпарат құралдарын пайдаланудың да өз ереже, заңдылықтары бар. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Десек те, бекітілген талаптардан хабарсыз азаматтар да кездесіп жатады. Басқарма тарапынан азаматтарды ақпараттандыру мақсатында түрлі аудиториялар арқылы кездесу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Ақтөбе облыстық Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірлесе тікелей эфир арқылы брифинг ұйымдастырылды.
Тікелей эфир барысында басқарма басшысы Медет Жұмабайұлы басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат берді. Көрнекі ақпарат құралдарын тиімді пайдалану, ҚР Тіл туралы заңында бекітілген талаптарды түсіндіріп өтті. Облыстық кәсіпкерлік палатасының басшысы Сұлупан Панақызы кәсіпкерлерге семинарлар ұйымдастыру керек деп ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар шара барысында латын әліпбиімен жарнамалар жасату және қазақ, ағылшын тілдерін оқыту курстары, қызмет көрсететін азаматтардың мемлекеттік тілде қызмет көрсетуі сынды бірқатар сұрақтар қойылды.
Барлық ұсыныс пікірлер ескеріле отырып, алдағы уақытта бұл бастама жалғасатын табатын болады.