
Тіл туралы заң баптарының жеке көрнекі ақпараттарда сақталуын бақылау мақсатында орталық базар бойындағы жеке кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер жасалған ескертулер бойынша кемшіліктер жойылады деп уәде берді. Алдағы уақытта орталық базар айналасында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары жалғасады.