
Құрметті, достар!
Онлайн байқау жеңімпаздары анықталды!
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Креативті презентация-2021» латын графикалы әліпбиді насихаттау мен түсіндіруге бағытталған республикалық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Республикалық тілдер оқытушылары арасында өткен онлайн байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 25 оқытушы өтінім білдірді.
Латын графикалы әліпбиді үйретуде өздіндік шығармашылық қолтаңбасымен, жаңашыл ізденістерімен ерекшеленген үздік жұмыстар іріктелініп, жеңімпаздар анықталды. Олар:
1-орын: Сейсенбаева Гаухар Оспанқызы- Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасы Тараз тілдерді оқыту орталығының Қазтест бойынша аға әдіскері;
2-орын: Аманкелді Камила Ерсінқызы- Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының оқытушысы;
3-орын: Махметова Жанар Қайртайқызы- Ақмола облысы Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының директоры;
3-орын: Нұрбекова Айнұр Жомартқызы- Қостанай облысы
«Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері;
Алғысхат: Касенова Меруерт Табылдымқызы- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы;
Алғысхат: Сабирова Асель Жамбуловна- Ақмола облысы, Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Тілдерді оқыту орталығы оқытушысы;
Алғысхат: Құдайбергенова Айнагүл Нағыметиярқызы- Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;
Алғысхат: Жарасбаева Жанна Темірболатқызы- Қостанай облысы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы;
Алғысхат: Крикпенова Гүлмира Талағатқызы- Қостанай облысы
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының
оқытушысы.
Байқау қатысушыларына алғыс білдіреміз. Ал жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Тіл мәртебесін асқақтату жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!