Байғанин ауданындағы рейд жұмыстары

Байғанин ауданындағы рейд жұмыстары

Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті көшпелі рейд жұмыстары Байғанин ауданында жалғасын тапты. Басқарма басшысы Медет Ысқақов, Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрәділ Қолдасбаев және мониторингтік топ мүшелерімен бірге аудандағы көрнекі ақпарат мәтіндері және көше атауларының көрсеткіштері (аншлагтар) бойынша рейд жүргізілді. Рейд барысында жарнамалардың, аншлагтардың сауаттылығы сарапталып, әдістемелік көмек көрсетілді. Қате кеткен нысандар бойынша нысан иелері түзету жұмыстарын сол бойда жүргізді. Алдағы уақытта Тіл туралы Заңының талаптары сақталатындығын жеткізді.