Басқарма басшысы мониторингтік топпен бірлескен рейд жұмысын жүргізді

Басқарма басшысы мониторингтік топпен бірлескен рейд жұмысын жүргізді

Қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі - жарнама мәтіндерінің тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуі болып отыр. Осы орайда басқарма басшысы М.Ысқақов, Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Сұлтанов және мониторингтік топ мүшелері Алға ауданы бойынша көрнекі ақпараттардың жай-күйімен танысып, рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығы қадағаланып, анықталған кемшіліктердің бірқатары сол бойда түзетілді. Кейбір заңнама талаптарына сай келмейтін көрнекі ақпарат мәтіндерін түзету бойынша мамандар тарапынан ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.