Латыннегізді аудиодиктант циклын жүргізу басталды

Латыннегізді аудиодиктант циклын жүргізу басталды

Бүгін «Еліме елеулі ұлы есімдер» латыннегізді қазақ әліпбиінде аудиодиктанттар циклын жүргізу басталды.
2021 жылғы 12-28 мамыр аралығында өтетін аудиодиктант «Әлихан-тіл жанашыры» тақырыбында ұйымдастырылды. Осы және өзге тақырыппен ​ онлайн диктанттар циклы жыл бойы жүргізіледі.
Шара ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс азаматтарының латын негізді қазақ әліпбиінде жазу машықтарын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Онлайн форматтағы диктант жазуға:
​ -этномәдени бірлестіктердің өкілдері;
​ -білім, денсаулық, халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері;
​ -мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер;
-жеке тұлғалар;
​ т.б. ынталы тұлғалар қатыса алады.