Мәртөк ауданындағы рейд

Мәртөк ауданындағы рейд

Ағымдағы жылдың 9 сәуір күні Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гульмира Тулеуова, кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Марина Бектемирова,⠀«Nur Otan» партиясынан депутаты Рустем Еримбетов және Мәртөк аудандық білім бөлімінің әдіскері Тазагүл Шуйшбаева Мәртөк ауылдық округінің шағын бизнес нысандарының Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңының 21-бабының сақталуы мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңының 21-бабына сәйкес бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады. ⁣⁣⠀
Рейд барысында барлығы 20 нысанды аралады, оның ішінде 12 нысан бойынша бұзушылықтар анықталды. Дүкен иелеріне дұрыс жасалмаған белгілерді жою бойынша ұсыныстар берілді.