
Бүгін Ақтөбе облысының әділет департаментінің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлескен "Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің негізі" тақырыбындағы онлайн шарасы өтті. Шараның мақсаты: Қазақ тілін ұлтаралық тіл ретінде дамыту алғышарттарын талқылау, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жолындағы қызметтерін айқындау. Шара барысында облыстағы тілдік ахуал сараланып, өңірдегі тіл саясатының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Қорытындылау барысында спикерлердің және қатысушылардың ой-пікір, ұсыныстары тыңдалып, бірлескен іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жұмыстары пысықталды.