Әйтеке би ауданында тіл жанашырларымен кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Әйтеке би ауданында тіл жанашырларымен кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Аудан әкімдігінің жанынан құрылған "Тіл жанашыры" еріктілер тобы көрнекі ақпарат мәтіндеріне кезекті рейд жұмысын жүргізді. Бақылау барысында ақпараттық топ бірнеше нысанды аралап, анықталған заң бұзушылықтарға ескерту жасады, сондай-ақ нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында заң талаптарына сай келмейтін жарнама мәтіндерін басқарма тарапынан ұсынылған үлгілермен түзеді.