Тілдерді дамыту басқармасының 2020 жыл бойынша атқарған жұмыстары туралы брифинг өтті.
Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Басқарма басшысының міндетін атқарушы М.Жанасова мен Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазинаның қатысуымен өткен брифинг барысында "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" орындалуы туралы, жоспар бойынша орындалған іс-шаралар кешені мен сала бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді. Тікелей эфир барысында қала тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, басқарманың жұмыс бағыттары түсіндірілді.