Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау Жамбыл Жабайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы(бұдан әрі – Басқарма) «Жүз жыл жырлаған жүрек» республикалық онлайн байқауын(бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
Байқаудың мақсаты: ұлтымыздың рухы биік тұлғасының ақындық өнері мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, әлеуметтік желілерде қазақтілді контенттің үлесін арттыру.
Байқаудың талаптары:
1. Байқау инстаграм желісінде өтеді;
2. Қатысушылар «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында өлең шығарып, оны мәнерлеп оқып, бейнеролик дайындауы қажет. Және бейнероликті өлең мәтінімен бірге tilaktobe@mail.ru почтасына жолдауы керек.
3. Бейнероликтерді дайындауда қатысушының қиялына шек қойылмайды.
4. Байқау материалдары 2 ақпан мен 20 ақпан аралығында қабылданады. Бейнероликтер 22 ақпан күні басқарманың инста парақшасына салынады.
5. Байқау қорытындысы қазылар алқасының ұпай саны мен лайк санының қосындысы бойынша анықталады. Дауыс жинау 25 ақпан сағат 17.00-ге дейін. Қорытынды 1 наурыз күні жарияланады.
6. Сондай-ақ байқауға қатысушы Басқарманың инста парақшасына тіркелуші/жазылушы болуы шарт.
7. Қатысушылар байқауға 3 түрлі жас ерекшелігі бойынша қатыса алады: 1) мектеп оқушылары; 2) колледж, ЖОО студенттері; 3) ересек азаматтар.