
Бүгінде қала көшелеріне жүргізілетін рейдтен бөлек тұрғындардан келген өтініштер бойынша басқарма мамандары нысан иелерімен жолығып, әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Осы тұрғыда, 20 қаңтар күні, мамандар ерікті топпен бірге бірнеше нысанның басшыларына кеткен олқылықтарды жою үшін түсінік жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулар беріп қайтты. Бірқатар қате сол бойда түзетілді, ал кейбір көрнекі ақпараттарға белгілі мерзімде уақыт берілді.